Шымкентте жүргізуші өз автобусының астында қалды
Қазір науқас №2 хирургия бөліміне ауыстырылып, ем қабылдауда
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шымкент тұрғынын өз көлігі басып кетті. Оқиға жүргізушінің автобус жөндеп жатқан кезінде орын алған, деп хабарлайды Otyrar.kz.
Жарақаттанған 38 жастағы азамат дер кезінде ауруханаға жеткізілді.
«Науқас бізге аса ауыр жағдада түсті. Оның басы, кеудесі және іш құрсағы жарақаттанған. Сондай-ақ көкірек жасушалары зақымданып, оң жақтағы 6-7 қабырғалары жабық сынған, миына зақым келген, бас және бет сүйегі сынған», – деді дәрігер.
Хирургиялық операция кезінде сынған және жыртылған ағзалардың бәрі ретке келтіріліп, ішкі органдар тексерілді.
Қазір науқас №2 хирургия бөліміне ауыстырылып, ем қабылдап жатыр. Жағдайы бір қалыпты.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10