Екібастұзда жолаушылар вагоны өртеніп кетті

03.03.2021 14:16

Жалын 73 шаршы метр аумақты шарпыды

ҚазАқпарат

Екібастұзда жолаушылар пойызы өртеніп кетті. Оқиға кеше түсте болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жалынға оранған жолаушылар вагоны «Екібастұз моторлы вагон депосына» тиесілі. Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаметінің мәліметінше, өрт 73 шаршы метр аумақты қамтыған. Тілсіз жауды тоқтатуға 10 адам, 3 техника жұмылдырылды. Қаза болғандар мен жапа шеккендер жоқ.