4 жастағы бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді
Жантүршігерлік жағдайдың бейнежазбасы әлеуметтік желілерге тарап кеткен. Видеодан 4 жасар баланың көшенің белгіленбеген жерінен жүгіріп шыққаны анық көрінеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Артынша баласын ажалдан құтқарып қалғысы келген әкесі де жолға қарай бет алған. Сол сәтте жылдамдықпен келе жатқан автобус екеуін де қағып кетеді. Оқиға кеше сағат түс кезінде Қызылорда қаласы Абай даңғылы мен Ыбырай Алтынсарин көшесінің қиылысында болған. Алған жарақат салдарынан баланың әкесі қайтыс болып, 4 жастағы бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Автокөлік жүргізушісі оқиға орнында анықталды. Сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мəн-жайы анықталып жатыр.