Алматыдағы балабақшаның бірінде тәрбиеші балаларды ұрып-соқты

04.05.2019 14:16

Оқиғаның қайда болғаны анықталып жатыр

Әлеуметтік желілерде тәрбиешілердің балаларды ұрып-соққаны түсірілген видео пайда болды. Видеоға жазылған пікірлерде оқиғаның Алматыдағы балабақшалардың бірінде болғаны айтылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видео Instagram желісіндегі almaty.times парақшасында жарияланды.

Онда тәрбиеші баланың қасына барып, өзіне қарай итеріп, басқа бөлмеге алып бара жатқаны көрінеді. Кейінірек ол бөлмеге тағы бір баланы алып кеткені көрінеді.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіндегілер видеоның зерттеліп жатқанын хабарлады.

«Оқиғаның қайда болғаны анықталып жатыр. Кейінірек процессуалдық шешім қабылданады», - дейді ІІМ өкілдері.