Алматы облысында жоғалып кеткен 18 жастағы қыздың денесі табылды

20.05.2019 14:18

Айгүл Амангелді 13 мамыр күні Белбұлақ ауылындағы ауруханадан шығып кетіп, қайта оралмаған

Алматы облысында осыдан бір апта бұрын жоғалып кеткен Айгүл Амангелдінің денесі табылды. Марқұмның мүрдесін  полицейлер мен еріктілер таулы аймақтан тапты, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«19 мамыр күні сағат 17:30 шамасында Талғар ауданындағы Белбұлақ ауылына жақын таулы аймақтан Айгүл Амангелдінің мәйіті табылды. Қыздың денесінде қандай да бір зорлық-зомбылық пен азаптаудың белгілері байқалмайды. Болжам бойынша, 18 жастағы бойжеткен өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 105 бабына сәйкес тергеу жүріп жатыр», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Айгүл Амангелді 13 мамыр күні Белбұлақ ауылындағы ауруханадан шығып кетіп, қайта оралмаған.