Алматылықтар жер сілкінісін сезінді

07.01.2024 14:18

Жерасты дүмпулері Алматы уақыты бойынша 09:10-да болды

Almaty TV

7 қаңтарда "СОМЭ" сейсмикалық стансалар желісі Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпулері қаланың өзінде де сезілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі "СОМЭ" сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап. 

Жерасты дүмпулері Алматы уақыты бойынша 09:10-да болды.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 55 шақырым жерде Қазақстан аумағында.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы: 9.3.

MPV магнитудасы: 4.6.

Тереңдігі: 10 км.

Сезілгені туралы мәлімет: Түрген – 3 балл, Алматы – 2 балл.

Оқи отырыңыз: Алматыдан 516 шақырым қашықтықта жер сілкінді