Олар суретке түспек болып Ертіс өзеніне барған
Семейде екі қыз мұз астына құлап кетіп, біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға бүгін сағат 16:33-те Восточный кентінде болған. Суретке түспек болып Ертіс өзеніне барған 23 және 24 жастағы екі қыз мұз астына құлап кетті.
«Жақын жерде болған Әли Тораев көмекке келіп, 1998 жылы туған қызын құтқарып үлгерді. Алайда ер адам екінші туысқан қызға көмек қолын созып үлгермеген. Құтқарушылар судан оның денесін алып шықты», - делінген ақпаратта.
Осы ретте, ТЖД қызметкерлері өңір жұртшылығына мұз үстінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін еске салды.