Қаза тапқан және зардап шеккен адамдардың кім екені анықталып жатыр
Оқиға 15 мамыр сағат 23:56-да Самара-Шымкент жолының 464-шақырымында, Қаратөбе ауданы аумағында болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Тіркемесіне 40 жылқы тиелген «КамАЗ» бен бос келе жатқан Mersedes-Benz Actros жүк көлігі соқтығысып, түгелдей отқа оранған.
Соның салдарынан «КамАЗ» жүк көлігінің тіркемесіндегі 39 бас жылқы жанып кеткен. Автокөліктерден өртеніп кеткен екі адамның мәйіті алынды. Бір адам түрлі жарақатпен Сырым аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Қаза тапқан және зардап шеккен адамдардың кім екені анықталып жатыр. Өрт таңғы сағат 04:47-де сөндірілді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.