Бала әлі табылған жоқ
Атырауда жағадағы қайықтың үстінде ойнаған бала Жайыққа батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы оқиға 14 тамызда кешкі мезгілде болғанын мәлім етті.
«Атырау қаласына таяу орналасқан Қызылбалық ауылында сағат 21:00 шамасында Жайық өзенінің жағасында тұрған қайықтың үстінде ойнаған бала суға құлаған. Баланың жасы – 7-де. Оны іздестіру жергілікті уақытпен сағат 22:25-те басталды», -деп хабарлады қоғаммен байланыс тобы.
Жайық өзеніне батып кеткен баланы іздестіруге департаменттің 3 сүңгуірі мен 1 техникасы тартылды. Бала әлі табылған жоқ.