Ресейде тікұшақ құлап, бір адам қайтыс болды

18.05.2021 в 14:19

Бортта ұшқыш және үш аңшы болған

Фото: ашық дереккөзден

Ресейде «Робинсон» тікұшағы құлап, бір адам көз жұмып, екеуі жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

РесейдіңСолтүстік-Батыс көлік прокуратурасы келтірген алдын ала мәліметтер бойынша, 17 мамырда «Робинсон-44» тікұшағы Мәскеу уақытымен 15:15-те Васьково әуежайынан ұшып шыққан. Тікұшақ әуежайда жанармай құйған. Ал 15:42-де әуе кемесі Архангельск облысы Мудьюг аралының солтүстік бөлігіне қонған. 21:25-те Мудьюг аралының жағалауынан 1,5 км қашықтықта тікұшақтың құлағаны туралы хабарлама келді. Апат салдарынан бір адам қаза тапты, екеуі жарақат алды, біреуі хабар-ошарсыз кетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта ұшқыш және үш аңшы болған. 

Оқиға фактісі бойынша Ресей Федерациясы ҚК 263-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалды.