ШҚО-да 3.9 балдық жер сілкінісі тіркелді

12.07.2021 14:19

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік шығысқа қарай 754 шақырым қашықтықта

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 11 шілде Алматы уақытымен 23 сағат 32 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік шығысқа қарай 754 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.0, магнитудасы – 3.9. Жерасты дүмпуі 10 шақырым тереңдікте болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ. Мәлімет 12 шілде күні таңғы сағат 04.27 кезінде жарияланды.