Алматыда жантүршігерлік жол апатынан екі адам зардап шекті (ФОТО)

22.05.2019 14:20

Tengrinews.kz

Алматыда Сейфуллин даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысында BMW маркалы автомобиль жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды «СТВ» телеарнасындағы «Территория происшествий» бағдарламасы.

Алдын ала мәлімет бойынша, BMW автокөлігі Сейфуллин көшесінің бойымен солтүстік бағытта кетіп бара жатқан, ал жүк көлігі «КамАЗ» оңтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Жүк көлігі солға бұрылмақшы болған уақытта жеңіл көлікпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Қалалық полиция өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.