Елорда базарында 30 дүңгіршек жанып кетті

06.08.2019 14:23

Абырой болғанда, өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ

Sputnik

Нұр-Сұлтандағы базарлардың бірінде ірі өрт болды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер келгенде, жеке орналасқан "Ярмарка" көтерме тауар қоймасында 30 азық-түлік дүкені жанып жатқан.

Абырой болғанда, өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

"Big Шанхай" базарындағы өрт туралы хабар 03:49 кезінде түсті. Тілсіз жау 04:35-те ауыздықталып, 05:08-де толығымен сөндірілген.

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, өрт аумағы 500 шаршы метр болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Алапат өрт кезінде қоймадағы 30 дүкеннің түгі қалмай жанып кетті

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 44 адам мен елордалық төтенше жағдайлар департаментінің 12 көлігі жұмылдырылды.


Дереккөзі: Sputnik.