Шымкентте 4 адамды үйдің қабырғасы басып қалды
Қайғылы жағдай ескі үйді бұзып жатқанда болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шымкентте 4 адамды үйдің қабырғасы басып қалған. Оның екеуі оқиға орнында тіл тартпай кетсе, қалғандары ауыр халде ауруханаға жеткізілген.
Жазатайым оқиға қалаға қарасты 112-ші орамдағы жеке тұрғын үй аумағында 9 мамыр күні кешкі уақытта болған, деп хабарлады otyrar.kz.
Төрт адам туыстарының ескі үйін бұзып жатқан кезде биіктігі үш метрге жуық баспананың қабырғасы құлап кетіпті.
Қирандының астында қалған екі азамат оқиға орнында қаза тапса, қалғандары ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендерге дәрігерлер шұғыл түрде ота жасаған. Бірақ жағдайлары әлі де ауыр дейді мамандар.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
14.10.2026 20:40
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
14.10.2026 08:14
Президент Бельгиялықтар королі мен патшайымын Алматыға шығарып салды
14.10.2026 10:18