Қайғылы жағдай ескі үйді бұзып жатқанда болған
Шымкентте 4 адамды үйдің қабырғасы басып қалған. Оның екеуі оқиға орнында тіл тартпай кетсе, қалғандары ауыр халде ауруханаға жеткізілген.
Жазатайым оқиға қалаға қарасты 112-ші орамдағы жеке тұрғын үй аумағында 9 мамыр күні кешкі уақытта болған, деп хабарлады otyrar.kz.
Төрт адам туыстарының ескі үйін бұзып жатқан кезде биіктігі үш метрге жуық баспананың қабырғасы құлап кетіпті.
Қирандының астында қалған екі азамат оқиға орнында қаза тапса, қалғандары ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендерге дәрігерлер шұғыл түрде ота жасаған. Бірақ жағдайлары әлі де ауыр дейді мамандар.