Ұлытау облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты
polisia.kz
Қайғылы оқиға 27 шілдеде Жезқазған-Қарағанды тасжолында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ұлытау облысында жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменінің мәліметінше, қайғылы оқиға 27 шілдеде сағат 15:20 шамасында Жезқазған-Қарағанды тасжолында болған.
«Toyota 30 автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысты. Соның салдарынан Toyota-ның жүргізушісі мен 4 жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды», - делінген хабарламада.
Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
«Полиция көлік жүргізушілерінің жолдағы сақтық шараларын естен шығармауды ескертеді», - деді ПД өкілдері.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
15.11.2026 11:50
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Дәрігерлер ашқарынға жеуге болмайтын тағамдарды атады
14.11.2026 11:36
Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары жалғасуда
15.11.2026 10:46