Алматыда жоғалып кеткен 23 жастағы Әлихан Капановтың денесі табылды
Жас жігіт үсік шалып, қайтыс болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда 6 ақпанда жоғалып кеткен 23 жастағы Әлихан Капановтың денесі табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қалалық Полиция департаментіндегілер бұл мәліметті растады, жас жігіт үсік шалып, қайтыс болды деген ақпарат бар.
«Зорлық белгілері табылмады. Өлімнің нақты себебін сот-медициналық сараптама анықтайды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Жігіт туыстарының айтуынша, оның үсіген денесі Алма-Арасан маңынан табылған. Бұған дейін жігіттің туыстары мен достары 23 жастағы Өскемен тұрғыны Әлихан Капанов 6 ақпанда сағат 16.30-да Өтепов және Розыбакиев көшелерінің қиылысында үйінен шығып, кейін жоғалып кеткенін хабарлаған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30