Қайғылы оқиға Арал ауданына қарасты Қызылжар ауылындағы Қаракөлде болды
Қызылорда облысында 22 жастағы жігіт көлге батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Арал ауданына қарасты Қызылжар ауылындағы Қаракөлде болды.
«Оқиға елорда уақытымен 22:25-те тіркелді. Жігіттің денесін жергілікті тұрғындар сағат 23:00-де жағаға алып шықыт»,– деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.
Еске сала кетсек, Қызылордада 10 және 13 жастағы екі бала Сырдарияға батып кетті.