Қызылорда облысында бензовоз жеңіл көлікке соғылып, 4 адам қайтыс болды

15.12.2022 14:25

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

дереккөзден

Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан бірнеше адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv 


Тереңөзек-Қызылорда тас жолында бензин тасымалдайтын көлік жеңіл машинамен соқтығысқан. Салдарынан 4 адам оқиға орнында тіл тартпай кетті. Бір адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазір бұл жағдайға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Орын алған жол көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы, 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеті жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деді облыстық ПД анықтау басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы Нұрлан Нұрғалиев.


Теги: қызылорда