Елордада 78 жастағы анасын қорлаған тұрғын қамауға алынды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Бұған дейін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мінез-құлқына ерекше талап қойылған тұлға ретінде бір жыл мерзімге есепте тұрған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордада 78 жастағы анасын қорлаған тұрғын 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері ІІО-ның есебінде тұрған, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген, спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріп жатыр.

Тексеріс кезінде учаскелік полиция инспекторына әйел 56 жастағы ұлының спирттік ішімдік ішіп, үйге мас күйде келіп, оған балағат сөздер айтып, жанжал шығарып, психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткенін айтып шағымданды.

Бұған дейін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, мінез-құлқына ерекше талап қойылған тұлға ретінде бір жыл мерзімге есепте тұрған.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен ол 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Новости партнеров