Нұр-Сұлтан қаласында да №51 жолаушылар автобусы отқа оранды
Оқиға бүгін Әл-Фараби мен Қожанов көшелерінің қиылысында таңғы сағат 7.00 шамасында орын алған. Абырой болғанда, автобустың ішінде жолаушылар болмаған. Өрт 25 шаршы метр аумақты шарпыған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жалынды сөндіруге жеке құрамнан 11 адам мен бір өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Әзірге жалынның шығу себебі анықталып жатыр. Сондай-ақ, дәл осы күні Нұр-Сұлтанда №51 жолаушылар автобусы да отқа оранды. Оқиға Момышұлы мен Сәтбаев көшелеренің қиылысында болған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға орнына жеткен 2 арнайы техникамен 13 адам тілсіз жауды жедел ауыздықтап үлгерген. БҰл жағдайдың да мән жайы тексеріліп жатыр.
"Өрт сөндірушілер сағат 06.53-те оқиға орнына жетті. Автобустың ішінде жолаушылар болған жоқ. 25 шаршы метр аумақ өртке оранған. Жүргізуші өртті өз бетінше сөндірмек болған. Өртті 11 қызметкер сөндірді, бір техника жұмылдырылды. Өрт сағат 06.57-те ауыздықталып, сағат 07.04-те толықтай сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Кей мәліметтерге сүйенсек, қазіргі уақытта полицейлер әл-Фараби даңғылындағы батыс бағыттағы көлік қозғалысын тоқтатты.