Шымкентте анасы мен қызын қағып кеткен полиция қызметкері қамауға алынды

08.08.2023 14:29

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр

news.myseldon.com

Шымкентте анасы мен қызын қаққан полиция қызметкері қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

3 тамыз күні Байтұрсынов көшесінің бойында Тұран АПБ-ның жүргізуші-полицейі жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды қағып, жол апатын жасады. Соның салдарынан анасы мен қызы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 7 тамызда әйел жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды.

Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

"Сондай-ақ қызметтік тексеру нәтижесінде тәртіп сақшысы ішкі істер органдарынан босатылғанын хабарлаймыз. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс материалдары айыптау актісімен бірге сотқа жолданады. Айта кетейік, тергеу барысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтің қатаң бақылауында", - делінген полиция таратқан хабарламада.

Оқи отырыңыз: Алматы-Ташкент-Термез тасжолындағы жол апатынан екі адам қайтыс болды