Шымкентте өзін-өзі өртеп жіберген келіншек көз жұмды

09.12.2019 14:29

Оқыс оқиға 3 желтоқсан күні Тассай ауданында болған

Tengrinews.kz

Шымкентте өзін өртеп жіберген әйел ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Оқыс оқиға 3 желтоқсан Тассай ауданында болған. 31 жастағы келіншек Юсуф Сайреми көшесіне шығып, үстіне жанатын зат құйып өртеп жіберген. Қатты күйік алған ол жедел жәрдемді өзі шақырған.

Жәбірленушінің басы, мойны, жалпы денесінің 85 пайызын күйік шалған. Дәрігерлер оны аман алып қалудың барлық амалын жасағанымен, әйелдің ағзасы күйікке төтеп бере алмаған.  

Шымкент полицейлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Алдын ала болжам бойынша келіншектің мұндай қадамға баруына сүйіктісімен сөзге келіспей қалуы себеп болған.

Теги: Әйел