|
20.09.2023 | 09:30
27053

Дәрігерді сабап, мәйітті ұрлаған: министрлік мәлімдеме жасады

Талғар аудандық ауруханасының дәрігерлерін соққыға жыққандар ұсталды

Дәрігерді сабап, мәйітті ұрлаған: министрлік мәлімдеме жасады project-acceled.com

«Дәрігерді сабап, мәйітті ұрлаған». Талғар аудандық ауруханасының дәрігерлерін соққыға жыққандар ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Полиция қызметкерлері 1987 және 1994 жылы туған екі азаматты қолға түсірген. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан сырттан келген 2-3 азаматтың бір дәрігерді теуіп жібергені анық көрінеді. Аурухана әкімшілігінің мәліметінше, әкесінің қайтыс болғанын естіген ұлдары ақ халаттыларды ұрып-соғып, марқұмның денесін медициналық төсек арбамен алып кеткен.

Реаниматолог пен мейіргер ауыр жарақат алды.

Ал Денсаулық сақтау министрлігі оларды жауапқа тартуды талап етіп отыр.

- Осы құқыққа қайшы әрекеттерге құқық қорғау органдарының тарапынан баға берілуі, шабуыл жасаған адамдар заңның барлық талабына сай жазалануы тиіс. Дәрігерлерге жасалған шабуылдар, ауыр пациенттерге медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымның қызметіне араласуға мүлдем жол берілмейді және адамгершілікке жатпайды, - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында кәрізге құлаған бала табылды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир