Автобус жүргізушісі өзін жайсыз сезінген: Алматыда жол апаты болды

21.11.2019 14:30

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен жолаушы зардап шекті

Sputnik

Алматыда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырап, салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды tengrinews.kz "Территория происшествий" бағдарламасына сілтеме жасап. Куәгерлердің айтуынша, № 44 автобус Шаляпин көшесімен батыс бағытта кетіп бара жатқан. Момышұлы көшесіне жақын қалғанда автобус жүргізушісі кенет өзін жайсыз сезінген. Соның салдарынан қоғамдық көлікті басқара алмай, жолдың шетіне шығып кетіп, жол белгісіне соғысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен жолаушы зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді.