Бала оқиға орнында көз жұмды
Талдықорғанда жүк көлігі үш жасар баланы қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ІІМ телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Дерек 3 мамырда Көктал шағын ауданында болған.
"Онда 3 жасар бала ГАЗ-53 жүк көлігінің астына түсіп, оқиға орнында қаза болды. Жүк көлігін 43 жастағы ер адам тізгіндеген. ЖКО-ның мән-жайын қалалық полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Соталды тергеу амалдары басталды", - делінген хабарламада.
Көлік арнайы тұраққа қойылған.