Оқиға 6 мамырда Тобыл қаласында болған
Қостанай облыстық балалар ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Игорь Белобржицкийдің айтуынша, бала ауыр халде түскен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 6 мамырда Тобыл қаласында болған.
"Қыз ауыр халде түсті. Ол шок күйде. Ерні, беті жараланған. Оған шұғыл ота жасалды. Бала бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатты. Қазір оның жағдайы қанағаттанарлық. Бала қазір тамақ ішеді. Тігістерін бақылып отырмыз. Қабыну мен дене қызуы жоқ. Бірнеше күннен кейін тігістерді алып тастаймыз. Содан кейін шығарылады", - деді Игорь Белобржицкий.