Өскеменде жасөспірім төртінші қабаттап құлады

14.12.2023 14:33

Оқиғаға қатысты полиция департаменті тексеру жүргізуде

Сурет:elements.envato.com

Өскеменде төртінші қабаттағы терезеден құлап кеткен 14 жастағы жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 12 желтоқсан күні кешкі уақытта қаладағы Назарбаев даңғылында болған. Көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы терезеден жасөспірім құлап кеткен.

Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше 14 жастағы жасөспірімді шұғыл түрде жедел жәрдем қызметі Ана мен бала орталығына жеткізді. Қазіргі уақытта ол ауруханада жатыр. 

- Баланың бас сүйегі жараланып, жіліншігі сынып кеткен. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Науқас қазір жансақтау бөлімінде жатыр, - дейді басқарманың баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек.

Әзірше баланың қалай құлап кеткені белгісіз. Оқиғаға қатысты полиция департаменті ақпарат бермеген.

Оқи отырыңыз:Түрксіб ауданында қандай әлеуметтік нысандар салынады