Нысанды мердігер компания қайта салып беруі тиіс
Талдықорған қаласына қарасты Еркін ауылдық округінде 8 млн теңгеге тұрғызылған аялдама өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл аялдама әкімдік ғимаратына қарама-қарсы орналасқан.
«Біләл Сүлеев көшесіндегі аялдамада өрттің қайдан шыққаны белгісіз. Барлық шығындарды мердігер мекеменің өзі төлейтін болады. Себебі бұл аялдама әлі пайдалануға берілмеген», - деді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Данияр Жаныс. Маман смарт аялдаманың нақты қанша жерге орнатылғанын айта алмады.
«Шамамен 15 орынға қойылған болуы мүмкін», - деді Д.Жаныс.