Қазір таңда аталған дерекке қатысты тексеру жүріп жатыр
Атырауда тоққа түскен 10 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 30 қазанда болған.
«Полицияға 1953 жылғы азаматтан сағат 15:00 шамасында немересінің токқа түскені туралы хабар түскен. Кейін 10 жасар баланың ойнап жүріп, тоңазытқыштың артына тығылғаны анықталды. Сол кезде тоққа түсіп қалған», – делінген хабарламада.
Жасөспірім жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін көз жұмған.
Қазір таңда аталған дерекке қатысты тексеру жүріп жатыр.