Семейдегі су тасқыны: ТЖМ қаладағы жағдай туралы айтты

11.03.2024 13:35

Қазіргі уақытта қала көшелерінен 1500 текше метрден аса су айдалғаны айтылды

видео кадр

Төтенше жағдайлар министрлігі Семейде еріген суды сору жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

"ЖАО күшімен Щорс, Кирпичный, 3-ші Лодочная, Восточный және Подгорная кенттері, сондай-ақ қаланың басқа бөліктерінде су айдау жұмыстары жүргізілді, "Теплокомэнерго" МКҚК-мен бірлесіп инертті материал таратылды.

Департамент қызметкерлері Красин, Садовая және Менжинский көшелеріндегі аула аумақтарынан су айдау жұмыстарын жүргізді", - делінген хабарламада.

Арық жүйесін тазарту үшін ТЖМ 68303 Ә/Б күштері мен құралдары тартылды. Қазіргі уақытта қала көшелерінен 1500 текше метрден аса су айдалғаны айтылды.

"Жұмыстарға ЖАО, ТЖД және 68303 ӘБ-нің жеке құрамның 60-тан аса адамы және 20-дан астам техника жұмылдырылды. Еріген суды сору жұмыстары аяқталды", - делінген хабарламада.

ЖАО және ТЖД күштерімен қала көшелеріндегі ахуалға мониторинг жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Балшыққа белшеден батқан көліктерге көмек көрсетілді