BMW 5251 көлігі тасжолдан шығып кетіп, сайға аударылған
Түркістан облысы Шардара ауданында болған жол апатынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
BMW 5251 көлігі тасжолдан шығып кетіп, сайға аударылған.
"Жетісай қаласы бағытында келе жатқан BMW 525 автокөлігі жолдың оң жағына шығып кетіп, аударылып қалған. Апат салдарынан төрт адам: жүргізуші мен оның үш жолаушысы қаза тапты", - делінген хабарламада.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы,4-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" ретінде тіркелген. Сараптама тағайындалды.