Марқұмның жеке басы анықталды
Алматыда 25-қабаттан қыз құлап кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кешкі уақытта 102 пультіне Розыбакиев көшесіндегі ТК-нің бірінің 25-қабатында орналасқан балконнан әйел адамның құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті.
«Қайтыс болған адамның жеке басы анықталды. Ол 26 жастағы бойжеткен болып шықты. Бостандық аудандық ПБ Қылмыстық Кодекстің 105-бабы бойынша іс қозғалып, тергеу басталып кетті», – деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталды.