Көлік базарынан айуандықпен өлтіріп кеткен оқушының мәйіті табылды

13.02.2019 14:36

Бозбала 12 ақпан күні түнде үйінен шығып кеткен, ал таңертең оның денесі табылған

sputniknews.kz

Қырғызстанның Қаракөл қаласында №5 орта мектептің оқушысын өлтіріп кетті, деп хабарлады Sputnik Ыстықкөл облысы Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сейсенбі, 12 ақпан күні сағат 8:23-де, Қаракөл ІІБ кезекші бөліміне автокөлік базарының жанынан мәйіт табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген милиционерлер денеде зорлықпен өлтіру белгілері бар екенін анықтады, жақын жерден қанға боялған таяқ табылған.

Оқушы 18 жаста болған. Ата-анасының айтуынша, ол 12 ақпанға қараған түні үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Дерек Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 130-бабы  бойынша («Кісі өлтіру») қылмыстардың бірыңғай тізіліміне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.