Қызылордада екі жасар қыз бассейнге батып кетті

23.07.2022 14:37

Қайғылы жағдай 22 шілдеде болған

CC0 / pixabay.com

Қызылордада екі жастағы сәби үрлемелі бассейнге батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Sputnik мәліметінше, қайғылы жағдай 22 шілдеде кешке болған.

Қызылорда қаласындағы тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалып қойған 2020 жылы туған сәби үрлемелі бассейндегі суға тұншығып қалған.

"Облыс тұрғындарынан балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Қауіпсіздік қағидаларын қатаң сақтау қажет. Балаларға барынша сақ болыңыздар", - деп ескертті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Теги: бала су