Алматы облысында ірі жол апатынан 9 адам қайтыс болды

13.05.2019 14:37

Lada автокөлігі жолдың қарсы бағытына шығып кеткен

Алматы-Бішкек тас жолындағы жол апатынан 9 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 12 мамыр күні болған. Lada автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, басқа көлікпен соқтығысқан. Жол апатынан 9 адам көз жұмды. Олардың 3-і әйел.

Қайтыс болғандар Алматы, Шымкент, Түркістан және Алматы облысының тұрғындары.

ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.