Жамбылдық тұрғыннан 35 келі есірткі табылды. Шу ауданының 41 жастағы тұрғыны аталған затты өзінің автокөлігіне жасырған. Сондай-ақ, машинаны тексеру барысында пакетке салынған 4 келі 630 гр гашиш есірткі заты шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ал, тұрғылықты мекенжайынан 12-калибрлі қару және оның 4 оғы, тағы да қоймасынан 30 келі 380 гр салмақта кептірілген марихуана есірткі заты анықталды. Күдікті кінәсін толық мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Бүгінде аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталып кетті. Айта кетейін, аталған факт 10 наурыздан бастап облыс аумағында есірткі қылмысының алдын алу және ескерту мақсатында республикалық допинг жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде анықталып отыр.