Оқиға 30 қыркүйек күні баланың өз үйінде болған
Ақтөбеде 13 жастағы жасөспірім өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жасөспірім үйінің үлкені, анасымен бірге тұрған. Әкесі бірнеше жыл бұрын қайтыс болған. Бала ешқандай есепте жоқ, мұғалімдері жақсы мінездеме берді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 105 бабы, 3 тармағы бойынша, яғни, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабымен тергеу жүріп жатыр.