Қызылорда облысында ірі жол апаты болды

26.12.2022 в 14:38

Салдарынан екі адам қаза тапты

Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ішкі істер министрлігінің телеграм-арнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 24 желтоқсанда сағат 10:50 шамасында Самара-Шымкент тасжолының 1270-ші шақырымында (Арал ауданы) болған.

Ведомство мәліметінше, Lexus көлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысқан. Апат салдарынан екі адам қаза тапты.

Аталған факт тіркеліп, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.