Өрттің себебі мен шығыны анықталып жатыр
11 мамырда сағат 02:03-де Павлодар облысы Успен ауданы Галицкое ауылында 5 бөлмелі кірпіштен салынған жеке үй өртенді. Құтқарушылар өртті сөндіріп болған соң 11 жастағы баланы өлі тапқан, деп хабарлайды Almaty.tv .
"Өрт сөндірушілер келгенде жартылай қираған шатырдың ағаш конструкциялары, тұрмыстық заттар, жиһаздар жанып жатқан. Өрттің жалпы ауданы - 250 шаршы метр. Өз бетімен 4 адам эвакуацияланды. 1986 жылғы үй иесі Павлодардағы №1 ауруханаға жатқызылды. Өртті 03:52 сағатта ауыздықтап, 04:40-та сөндірген", - делінген Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.
Ал сағат 05:05-те дәліздегі үй құрылыстарын бөлшектеу кезінде 2012 жылғы ер баланың мәйіті табылды.
Өртті сөндіруге Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің 3 бірлік техникасы мен 7 қызметкері, сондай-ақ 101 және 103 қызметі жұмылдырылған. Себептері мен шығыны анықталып жатыр.