Өртті сөндіруге 15 техника және жеке құрамның 43 адамы жұмылдырылды
Алматыдағы Жетісу ауданында орналасқан қоймадан өрт шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Портал оқырмандарының мәліметінше, қазіргі уақытта «Саяхат» маңы түтінге батып, ыс шығып тұр. Оқиға орнында өртсөндірушілер жұмыс істеп жатыр.
«2019 жылдың 18 шілдесінде сағат 07:45-те Алматы қалалық ТЖД-дің «101» пультіне Жетісай ауданы, Омаров көшесі, 12в/1 мекенжайындағы қойма өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Өртсөндірушілер қазір оқиға орнында. Өртті ауыздықтауға өрт сөндіру қызметінің 15 техникасы мен жеке құрамның 43 адамы жұмылдырылды», - деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.
Құтқарушылар толығырақ ақпаратты кейінірек айтуға уәде берді.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Алматы | Almaty