Көрпеге орап, зиратқа тастаған: Атырау жұрты қанды оқиғадан кейін көшеге шығуға қорқып жүр

11.02.2019 14:40

Атырау қаласында бейіт басынан әйелдің денесі табылды

sputniknews.kz

Өңірдің Полиция департаменті бастығы Аян Дүйсенбаев хабарлағандай, Атырау қаласының шағын аудандарының бірінен әйелдің мәйіті табылған, деп жазды sputniknews.kz.

Қаза тапқан әйел Өзбекстан азаматы болып шықты, деп хабарлады полицей халыққа есеп беру жиынында.

«Әйелді өлтірген күдікті ұсталды. Басқа мәлімет тергеу аяқталғанша хабарланбауы тиіс», — деді Аян Дүйсенбаев.

Істің барысын сұраған қала тұрығыны сол жайттан кейін жұрт далаға шығудан қорқып қалды дейді.

26 ақпанда мұсылман зиратынан көрпеге ораулы жас әйелдің денесі табылған.

«Ақжайық» басылымы хабарлағандай, қаза тапқан әйелдің кеуде тұсында өткір заттың сұғылған іздері, тіліктер болған екен.