Ақтауда бес баланың әкесі мен 14 жастағы қыз суға батып кетті

21.08.2023 в 14:41

Оқиға орнында полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері болды

Ақтауда екі демалыс орнында қыз бен ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға жексенбіде, 20 тамыз күні болған. Жедел жәрдем дәрігерлерінің айтуынша, 14 жастағы қыз "Монтажник" демалыс базасында сағат 11:47-де қаза болған.

Екінші қайғылы оқиға кешкі уақытта "Бриз" демалыс орталығында болды. Сол жерде 36 жастағы ер адам суға батып кеткен. Желіде марқұмның бес баланың әкесі екені хабарланды. Ер адам суға түсіп, суға бата бастаған. Оқиға куәгерлері оны шығарып алып, есін жиғызбақ болған. Алайда, әрекеттер нәтижесіз болды - ер адам қайтыс болды.

Екі жағдайда да суға батқан адам дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болған. Оқиға орнында полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері болды.

Оқ отырыңыз: Маңғыстау облысында нөсер жауын: ауылдарды су басты