Әкесі баласын көлікте жалғыз тастап кеткен
Қарағандыда 5 жасар бала әкесінің көлігінде көз жұмды. Әкесі баласын көлікте жалғыз қалдырып кеткен. Оңаша қалған бала көліктің терезесін ашып-жауып, басын шығарып ойнап отырса керек, деп хабарлайды sn.kz.
Кенет батырманы басып қалғанда, терезе автоматты түрде көтеріліп, баланың басы қысылып қалады. Ол батырманы қайта басып үлгермеген.
Баланың өліп қалғанын көрген әкесі дереу жедел жәрдем шақырады. Алайда ақхалаттылар баланың өміріне араша түсе алмады, бала олар келем дегенше қайтыс болып кеткен.
Полицейлер жағдайды оқыс оқиға деп таныды.