Жалын мың шаршы метрге жуық аумақты шарпыған
Қарағанды қаласының «Сортировка» темір жол стансасында кеше кешкісін алапат өрт болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
От жалыны автокөлік дөңгелектерін қайта өңдеу алаңын шарпыған. Оқиға орнына шұғыл жеткен төрт құтқару командасы арнайы 10 техниканың көмегімен, оттың басқа ғимараттарға тарауына жол бермеді.
Өңірлік Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша өрт 1 мың шаршы метр аумақты қамтыған. Тілсіз жауды ауыздықтауға арнайы өрт сөндіру поезы тартылыпты.
Оқиғаның себебі анықталып жатыр.