"Әкесі мен кіші ұлы көз жұмды": Қазақстандық футболшы отбасымен бірге жол апатына ұшырады

14.10.2019 14:41

Бұрынғы қақпашы Илья Байтереков Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолда апатқа ұшырады

Sputnik

Қазақстандық футболшы Илья Байтереков Семей – Өскемен тасжолында апатқа ұшырап, оның әкесі мен кіші ұлы көз жұмды, деп хабарлады танымал журналист Айдын Қожахмет.

"Бұрынғы қақпашы Илья Байтереков отбасымен бірге жантүршігерлік апатқа ұшырады. Ильяның өзі жүргізген көлік Семей-Өскемен тасжолында аударылып қалған. 35 жастағы экс-футболшының кіші ұлы мен әкесі бірден қайтыс болды. Илья мен тұңғыш ұлы ауыр халде жатыр", - деп жазды Айдын Қожамет өзінің Telegram каналында.

Оның айтуынша, Илья Байтереков комада. Апат кезінде футболшының анасы мен әйелі де зардап шеккен.

Илья Байтереков әр жылдары "Семей", "Энергетик", "Қазақмыс", "Ақжайық", "Восток", "Атырау" футбол клубтарында ойнаған. Қазақстанның жоғары лигасында 45 матч өткізіп, 86 гол жіберген. Бірінші лигада шамамен 150 матчқа қатысқан.  

Дереккөзі: Sputnik.