Төңкерісте 3 жасар бала шұңқырдағы суға батып кетті

03.07.2023 14:41

Бұл оқыс оқиға бойынша сараптама тағайындалды

elements.envato.com

Төңкеріс станциясында салынып жатқан балабақшаның септигіне үш жасар бала батып кетті,  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 шілдеде сағат 17:00-де Шортанды аудандық полиция бөліміне Төңкеріс станциясында салынып жатқан балабақша аумағында үш жасар баланың септикке батып кеткені туралы телефон хабарламасы келіп түскен.

"Бұл оқыс оқиға бойынша сараптама тағайындалып, мән-жайы анықталып жатыр, тексеру қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деп қосты облыстық полиция департаменті.