|
05.03.2021 | 09:42
659

Алматыдан 341 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

Зілзаланың энергетикалық класы 9.3

Алматыдан 341 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді Фото: ашық дереккөзден

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық станциялар желісі 5 наурызда Алматы уақытымен сағат 02:59-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 341 км жерде, Қытай аумағында орналасқан. 

Зілзаланың энергетикалық класы 9.3. 

MPV магнитудасы 3.7. 

Эпицентрдің бағыты 42.07° с. е.80.77° ш. б. 

Тереңдігі 20 км. 

Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): жоқ. 

Естеріңізге сала кетейік, кеше тағы бір жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша 01:47-де тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 303 км жерде, Қытай аумағында орналасқан.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир