Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді
Өскеменде көшеде ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.
«102» жедел арнасына Грейдерная көшесінде мәйіт жатқаны туралы хабар түсті. Бірден оқиға орнына тәртіп сақшылары келіп жетті. 43 жастағы ер адамның қала тұрғыны екендігі анықталды», – деп көрсетті ШҚО полиция департаменті.
Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді.