БҚО-да жылқы мен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза болды

25.07.2023 в 14:43

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында автокөлік жылқыға соқтығысып, 40 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 20 шілде күні шамамен сағат 22.45-те Сырым ауданы аумағында болды.

«Республикалық маңызы бар Самара-Шымкент автожолының 415-шақырымында 1984 жылғы жүргізуші» Ниссан Тиана «автокөлігімен жолға шауып шыққан жылқыны қаққан. Соның салдарынан автокөлікте отырған 1983 жылғы әйел оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші мен жолаушы - Ақтөбе облысының тұрғындары. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар әкімшілік хаттама толтыру үшін малды бағымсыз жіберген иесі анықталу үстінде», - деп хабарлады ведомстводан.

Оқи отырыңыз: Жетісу облысында жүк көлігі мен пойыз соқтығысты